Skip to content
Home » Иса Мәсіхтен (ғ.с.) келетін өмір сыйы дегеніміз не және оны қалай қабылдауға болады?

Иса Мәсіхтен (ғ.с.) келетін өмір сыйы дегеніміз не және оны қалай қабылдауға болады?

  • by

Осының алдындағы мақалаларда Иса Мәсіхтің (ғ.с.) жердегі өміріне байланысты соңғы апта туралы талқыладық. Інжілге сәйкес Иса (ғ.с.) 6-шы күні Ұлы жұмада айқышқа шегеленді, ал жексенбіде өлімнен қайта тірілді. Ол оқиға Тауратта және пайғамбарлар жазбалары мен жырларда алдын ала жазылып қалдырылған. Олардың мағынасы не, оның бүгінгі таңда сіз бен бізге қандай қатысы бар? Бүгінгі мақалада Иса Мәсіхтің (ғ.с.) сыйы және бізге кешірім мен рақымдылықты қалай қабылдауға болады деген әңгіме қозғаймыз. Бұл Саффат және Фатиха сүрелерінің ілімін жақсы түсінуге көмектеседі. Ол аяттарда Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) әкелген құн және содан кейін Алладан «өзін дұрыс жолмен жүргіз» деген өтініші келтірілген. Сонымен бірге «мұсылман» сөзі «мойынсұнатын адам» деген мағынаны түсіндіретінін және ораза, зекет және халал сияқты діни жоралғылардың орны мен мағынасы нені түсіндіретінін және солардың бәрі адамды қияметке дайындай алмайтынын көреміз. 

Жаман хабарлар – біздің Құдаймен қарым-қатынасымыз туралы пайғамбарлар не дейді

Тауратта Құдай адамзатты жаратқанын былай деп баяндайды: 

  Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.

Жаратылыстың басталуы 1:27

«Өзіне ұқсас етіп жаратты» деген сөз, Құдай мен адам арасында физикалық ұқсастық бар дегенді көрсетеді. Ол дегеніміз, бізде Ол сияқты сезім, ойлау қабылеті бар, біз сондай-ақ әлеуметті жандармыз, яғни бізде де Ол сияқты рухани дүние болғаны. Біз Онымен қарым-қатынас үшін жаратылғанбыз. Біз оны келесі слайдта бейнелеп көрейік. Жоғарыда Жаратушы бейнеленген, мәңгі әрі шексіз Жаратқан Ие, ал төменде әйел мен еркек өлетін жандар бейнеленген. Олардың ара-қатынасы көрсеткі арқылы көрсетілген. 

Біз Құдайға ұқсас жаратылғанбыз; адам Құдаймен қарым-қатынас үшін жаратылған 

Алла Тағала толық әрі киелі. Сондықтан Забурда былай делінген: 

 Уа, Ием, ертеңгісін ести гөр дауысымды, Таң ата алдыңа келіп, күтемін жауабыңды. Себебі Сен, Құдайым, зұлымдықты құптамайсың, Жамандық атаулыны қасыңа жолатпайсың .

Забур 5:4-5

Адам ата жалғыз бір ғана күнә жасады – бірақ Құдайдың киелілігі сол қылмысты жазасыз қалдыра алмады. Таурат пен Құранда айтылған, Жаратқан Ие адамды өлетін етті және бейіш бағынан қуып шықты. Біздің жағдайымызда да сол нәрсе болып тұр. Біз күнә істегенде сол ісімізбен Құдайды қорлаймыз, өйткені Оның бейнесі мен ұқсастығына сай болмаймыз. Біздің Құдаймен қатынасымыз бұзылады. Құдаймен арамызда өтпестей шыңырау пайда болды. 

Біздің күнәларымыз киелі Құдаймен қатынасымызды бұзды 

Діни жоралғылар арқылы қабырғаны жарып шығуға тырысу

Көп адамдар Құдаймен қатынасты жақсарту үшін, игі істер істеп, дін ұстанып, Құдайдың алдында жеткілікті лайық болуға тырысады. Намаз, ораза, қажылық, мешітке ұдайы бару, зекет, қайырымдылық – осының бәрі Құдайдың алдында лайық болуға тырысу және келесі суретте көрсетілгендей қабырғаны өз әрекетімен бұзу. Біздің әрекеттеріміз күнәларамызды жуып шаяды деп үміттенеміз. Біздің көптеген игі істеріміз Құдайдың жүрегін жібітіп, Оның алдында мейірім мен кешірімді иеленеміз деп ойлаймыз. 

Құдайдың алдында көп игі істер істеп, осы қабырғаны өз күшімізбен өтуге тырысамыз 

Күнәні жуу үшін қанша игі істер істеуге болады? Құдай мен арамыздағы қабырғаны бұзып өту және күнәні жабу үшін қажетті игіліктер істеуге қаншалықты сенімділігіміз бар? Біздің игі істеріміз кұнәны жабуға жеткілікті болатынына көзіміз жете ме? Бізде ондай сенімділік жоқ, біз оларды қияметте септігі тие ме деп, тек үміттеніп қана істеп жатырмыз. 

Алла алдындағы игі істерден басқа бізді тазалық та талап етіледі. Біз намаз алдында дәрет аламыз. Біз шамамыз келгенше адамдардан немесе тамақтан армадамбауға тырысамыз. Бірақ Ишая пайғамбар (ғ.с.) былай деген:  

  Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.

Ишая 64:6


Пайғамбар, біз қаншалықты арамдамбауға тырысып, күнәлі нәрсеге жоламай, игілік істесек те, олардың бәрі Құдайдың көз алдында «лас шүберектей жиіркенішті» деп ескертеді. Бұл жаман хабарлар. Бірақ одан да жаманы бар. 

Ең жаман жаңалық: күнә мен өлімнің билігі

Мұса пайғамбар (ғ.с.), заң толық мойынсұнуды талап етеді деп біржақты анық жариялады заңда былай айтылмаған: «Осы заңның көп бөлігін шамаң жеткенше ұстап жүр». Керісінше, біз күнәнің жалғыз құны өлім екенін қайта-қайта оқимыз. Нұх пайғамбар (ғ.с.) және Лұттың әйелі туралы болған оқиғалар біздің есімізде, ол өлімнің себебі күнә. 

Осы шындық Інжілде былай баяндалған: 

«Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім».

Рим. 6:23

«Өлім» деген сөздің мағынасы ажырау. Жан тәннен ажырап шыққанда біз физикалық өлімге душар боламыз.  Ал рухани жағынан біз Құдайдан дәл қазір ажырағанбыз, сондықтан Оның көз алдында біз бәріміз өліміз әрі әділ емеспіз. 

Міне сондықтан өз күнәмәз үшін өз әрекетіміз бос әурешілік. Біздің игі істеріміз бен діншілдігімізде жаман еш нәрсе жоқ, дегенмен ол әрекеттеріміз өз күнәмзді толық жабуға жеткіліксіз, өйткені күнәнің құны – өлім. Құдай мен арамыздағы қабырғаны тек өлім арқылы ғана тесіп өтуге болады, себебі Құдайдың талабы әділдік. Біздің қабырғаны аттап өтуге тырысқан әрекеттеріміз өлімге апаратын қатерлі ісікті халал аспен емдеу сияқты көрінеді.  Халал асты қолдану өте жақсы ол денсаулық үшін пайдасы бар, бірақ ол қатерлі ісікті еш емдей алмайды. Қатерлі ісікті емдеу үшін сол клетканы өлтіретін басқа ем шара қажет.  

Біз Құдай алдында әділдікке ие болу үшін игіліктер көп жасап тырысқанмен, Оның көз алдында өлік сияқты әділетсіз жандармыз. 

Күнәнің құны өлім. Біз  Құдайдың алдында өлі дене сияқтымыз 

Ыбырайым, маған тура жолды көрсетші

Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) басқа жолы болды. Құдай оны әділ деп таныды, оның игі істеріне бола емес, ол Оның уәдесіне сенім артты. Ол Құдай күнәнің құнын өтейтін құрбандықты Өзі береді деп сенді, сондықтан құтқарылу үшін, оны беруге тырыспады. Нәтижесінде күнәнің құнын жабатын құрбандықты Құдай Өзі берді, сөйтіп оған өз ұлын құрбандыққа шалудың қажеті болмады. 

Құдай Ыбырайым пайғамбарға (ғ.с.) «тура жолды» Өзі нұсқады. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) Құдайдың уәдесіне сенім артты, ал Құдай күнәнің құнын жабатын құрбандықты Өзі қарастырды. 

Құранда Саффат сүресінде осы жайлы айтылған: 

Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық. Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем. 

Саффат 37:107-109

 Құдай Өзі күнәнің құнын өтеп алды, сондықтан Ыбырайым пайғамбар ғ.с.) рақымдылық, мейірім және тыныштық қабылдай алды. 

Жақсы жаңалық: бізге бата қону үшін, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өтеп алу еңбегі

Пайғамбардың үлгісі біздің «тура жолдың» қайда екенін түсіну үшін берілген жақсы мысал, ол туралы Фатиха сүресінде де жазылған: 

Қиямет күнінің иесі. Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! .

Фатиха 1:4-7

  Жаратқан Ие пайғамбар арқылы күнәнің шынайы өтеуі неде екенін көрсетті және қандай таңқаларлық құн өтеу жолын бізге арнап дайындағанын Інжіл кітабында жазып қалдырды. 

 Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.

Рим. 6:23

Осы жерге дейін тек жаман хабарлар айтылды. Ал Інжіл шынайы жақсы хабар жариялап тұр. Осы хабар Исаның (ғ.с.) құрбандық өлімі, Құдай мен біздің арамыздағы алынбас қабырғаны талқандауға жеткілікті дейді. Сондақтан ол «Ізгі хабар» деп аталады. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) Құдайдың құрбандық Тоқтысының айқыштағы өлімі, бізді күнәнің құлдығы мен өлім тұзағынан толық азат етеді. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлының орнына бұтаққа шырмалған тоқытыны бергенде де дәл осылай болды.  

Иса Мәсіх (ғ.с.) біз үшін құрбандыққа берілді. Содан кейін бізге мәңгі өмір сыйлау үшін, өлімнен қайта тірілді (қайта тірілгеннің ең алғашқысы). Енді біз күнә мен өлімнің құлы емеспіз. 

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімнен қайта тірілуі болашақтағы өнім жиюдың алғашқы өнімі. Енді әркім мәңгі өмір мен жаңа өмірге қайта тірілу сыйлығын қабылдай алады. 

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандық өлімі мен өлімнен қайта тірілуі, Құдай мен адамды бөліп тұрған қабырғаға есік жасады. Сондықтан пайғамбар былай деді: 

 Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады. Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім .

Жохан 10:9-10
Иса Мәсіх (ғ.с.) Құдай мен біздің арамыздағы алынбас қабырғаға арқылы өтетін есік тәріздес болды. 

Кезінде күнә арқылы Жаратқан Иемен бұзылған қарым-қатынасты енді осы есік арқылы біз қайтадан қалпына келтіре аламыз. Біз енді күнәларымыз кешіріліп, рақымдылыққа ие болатынымызға сенімдіміз.

Біз үшін «есік» ашық, енді біз Құдаймен қайтадан дұрыс қатынаста бола аламыз.   

Інжілде былай делінген: 

 Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды. Құдай — біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх. Бәрін күнәнің құлдығынан босату үшін Мәсіх жанын құрбан етіп, соның төлемін өтеді. Бұған дер кезінде куәлік берілді.

1-ші Тімоте 2:4-6

Құдайдың сыйы бәріне арналған

Пайғамбар өз өмірін барлық адам үшін қиды. Яғни сіз бен біз үшін де. Өзінің өлімі мен өлімнен қайта тірілуі арқылы ол «дәнекер» секілді болды, енді ол бізге мәңгілік өмірді сыйға ұсынып отыр. Ал сол мәңгілік өмірді қалай қабылдауға болады? 

   Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір .

Рим. 6:23

Біздің өмірді қалай қабылдайтынымызға назар аударыңыз. Өмір бізге сыйлыққа ұсынылып тұр. Сыйлық дегеніміз не? Егер біз біреуден сыйлық алсақ (егер ол шынымен сыйлық болса) ол бізге тегін беріледі, яғни ол үшін құн төлеудің қажеті жоқ. Ал егер сіз сыйлық үшін бір нәрсе істеуіңіз керек болса, онда ол сыйлық емес, еңбек ақы! Сол сияқты Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандық өлімін құн төлеп алуға болмайды. Ол жәй сыйлық ретінде беріліп тұр. Бәрі қарапайым. 

Осы сыйлық неден тұрады? Әңгіме мәңгілік өмір жайлы. Ол дегеніміз, өлім әкелетін күнә құны өтелді деген сөз. Құдай бізді сондай қатты жақсы көреді! Осы шынында да құдіретті сыйлық. 

Дегенмен, мәңгілік өмірді қалай алуға болады? Сыйлықтың не екенін тағы да еске алайық. Егер сізге сыйлық ұсынса оны қабылдау керек. Егер сізге сыйлық ұсынса, оның екі шешімі бар. Не сіз одан бас тартасыз (рахмет, қабылдай алмаймын), немесе оны аласыз (рахмет, мен оны қабылдаймын). Сыйлықты қабылдаған жөн. Менде бар деген оймен шешім шығару жеткіліксіз. Оны зерттеп, саралау да жеткіліксіз. Оны қолдану үшін, жәй ғана қабылдау керек. 

  Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды.

Жохан 1:12-13

Шынында да, Інжілде Құдай туралы былай дейді: 


Құдай – Құтқарушы және Ол барлық адамдар өмір сыйын қабылдап, күнә мен өлімнен құтылғанын қалайды. Егер Оның еркі осы болса, онда Құдайдың еркіне бағынып, ұсынған сыйын қабылдау керек. Мұсылмандық дегенміз осы. Құдайдың еркіне бағыну. 

 Бұл игілікті әрі Құтқарушымыз Құдайға ұнамды. Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды

1-ші Тімоте 2:3-4

Сол сыйды қалай қабылдай аламыз? Інжілде былай делінген: 

 Бұл жерде яһудилер мен басқа ұлттардың араларында айырмашылық жоқ, олардың жалғыз бір Жаратқан Иесі бар: Ол Өзіне сиынғандардың бәріне де шексіз рақымды .

Рим. 10:12

Назар аударыңыз, бәріне бірдей ұсынылған ол қандай уәде. Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімнен қайта тірілді, яғни ол қазір тірі. Егер біз оған жүгінсек, ол бізді естиді және бізге өз сыйын береді. Жәй ғана оның алдына келіп, өтініңіз. Егер сіз осындай нәрсе істемеген болсаңыз, төменде келтірген дұғаны оқып қолдансаңыз болады. Ол бақсылық немесе сиқыр да емес. Дұғаның іске асуы сіздің қандай сөз қолданатыныңызға байланысты емес. Бастысы – Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) секілді сенім артыңыз. Біз, ол бізге сондай сый береді деп, Иса Мәсіх (ғ.с.) сенім артамыз. Егер біз оған сенім артсақ, ол бізді естиді және өтінішімізге құлақ асады. Ізгі хабар – қарапайым, бірақ құдіретті хабар.    Егер жүрегіңізге жақын болса, төмендегі дұғаны қайталаңыз. 

Тәңірім Иса Мәсіх, менің күнәларым мені Құдайдан ажыратып тастағанын білемін. Менің бар әрекетім бізді бөліп тұрған қабырғаны тесіп өте алмайды. Сенің өлімің – менің күнәмнің құны және мені барлық жаман істерден тазартатын төлем екенін жақсы білемін. Өзіңді құрбандыққа бердің және өлімнен қайта тірілдің, осы құрбандығың барлық адамдарды құтқауға жеткілікті екенін мен білемін. Мен Құдайдың еркіне бағынамын. Менің барлық әділетсіздіктерімді кешіріп, мәңгілік өмірге ие болуым үшін, Жаратқанның алдында мен үшін өтініш етуіңді сұраймын. Осы құрбандықты мен үшін істегеніңе рахмет айтамын. Тәңірім тек сенің артыңнан жүре алуым үшін, менің өмірімді ары қарай өзің жетелеші.    

Мейірімді де, рақымды Құдайдың атынан, аумин. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *